"Қарағанды-Балқаш" автожолы 2020 жылы пайдалануға беріледі

1975

Биыл 187 шақырымда жол қозғалысы ашылады. 

"Қарағанды-Балқаш" автожолы 2020 жылы пайдалануға беріледі

Еліміздің басты автожолдарының бірі "Орталық-Оңтүстік" дәлізін қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда, деп хабарлайды "Қазавтожол"ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда 8 учаскеге бөлінген, жалпы ұзындығы 362 шақырым "Қарағанды-Балқаш" жобасын CITIC Construction Co.Ltd мен "СП "КазГерСтрой" ЖШС бірлесіп жасауда.

Қарағанды қаласынан Ақбастау ауылына дейін ұзындығы 41,4 км автожол учаскесінде жұмыстарды "ҚазГерСтрой" СП" ЖШС мердігерлік компаниясы жүргізуде. Бұл аралықтағы жолда 120 км/сағ жылдамдықта жүруге рұқсат етілетін болады, 4 жолақты қозғалысы бар І-ші "Б" техникалық санатқа келтіріледі.

Сондай-ақ, күре жолдың бойында Жұмабек ауылының жанында айналма жол және 32 су өткізу құбырларын салу қарастырылған. "Қарағанды-Балқаш" автожолының осы учаскесінде – 2 көпір, 7 – ауыл шаруашылығы техникасының өтуіне арналған жолөткелі, 4 – автобус аялдамасы, жүргізушілерге арналған 1 демалыс алаңы салынады. Бүгінде бұл нысандағы жұмыстарға барлығы 94 бірлік техника мен 207 адам жұмылдырылған.

Жалпы "Қарағанды – Балқаш" жобасы бойынша биыл 187 шақырымда жол қозғалысы ашылады. Ал нысанды толық пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу