Қарағанды – Балқаш автожолында 14 кешенді лазерлік жарық орнатылды

119

Жүргізілген бақылаулар мен техникалық өлшеулер аталмыш технологияның жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруда өз тиімділігін көрсетті.

Қарағанды – Балқаш автожолында 14 кешенді лазерлік жарық орнатылды Фото: видеодан алынған кадр

Сынақ нәтижесінің оң болғанына байланысты жоба кеңейтіліп, республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы бағытындағы Қарағанды – Балқаш автожолының учаскесіне 14 кешенді лазерлік жарық жүйесі орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жүйе түнгі уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Арнайы сәулелік белгілер жүргізушінің көру аймағына тікелей түсіп, қауіпті жағдайларда дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік бермек. Бұл тәсіл жол-көлік оқиғаларына әкелетін шаршау, зейіннің төмендеуі және шектеулі көріну мәселелерін азайтуға септігін тигізеді.

Жүйе жарық сызықтарын тікелей жүргізушінің көру аймағына түсіреді. Бұл қозғалыс жылдамдығын немесе бағытын уақтылы түзетуге, шектеулі көрінетін учаскелерде, ұзақ түзу жолдарда және дәстүрлі жол қозғалысын ұйымдастыру құралдары жеткіліксіз байқалатын жерлерде ерекше тиімді болмақ.

Мамандардың дерегіне сүйенсек, жүргізушілердің лазерлік сигналдарға жауап қайтару уақыты дәстүрлі жол белгілеріне қарағанда бірнеше есе жылдам. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай технология енгізілген учаскелерде апат көрсеткіші 40-50 пайызға төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу