"Қарағанды-Балқаш" күре жолындағы құрылыс жұмыстары қалай жүріп жатыр

825

"ҚазАвтоЖол" компаниясы құрылыс аяқталған соң әр 100-150 шақырым сайын жол бойындағы сервис объектісі ашылады деп сендіреді.

"Қарағанды-Балқаш" күре жолындағы құрылыс жұмыстары қалай жүріп жатыр

"Қарағанды-Балқаш" тас жолындағы айналма жолдардың саны 94%-ға азайған. Компания мәліметіне сүйенсек, 148 шақырым айналма жолдардың 9 шақырымы ғана қалған, деп жазады inbusiness.kz.

Ұзындығы 363 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар "Қарағанды-Балқаш" күре жолы жөнделіп жатқаны белгілі. Күре жолдың барлық 8 телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Автомобиль жолдарының ұлттық операторының хабарлауынша, қазір әрбір телім бойынша іс-шара жоспары әзірленіп, жұмыс кестесі бекітілген. Мәселен, биыл айналма жолдардың саны 94%-ға азайған. 70 шақырымнан астам асфальт төселіп, жасанды конструкциялар құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

"Бұған дейін айналма жолдардың жалпы ұзындығы 148 шақырым болатын, қазір 9 шақырым ғана қалды. Сонымен қатар, ең нашар болып есептелген Қызылқой және Нұраталды ауылдары арасындағы учаскеде жұмыс жүргіздік. Мұнда екі жолақ бойынша қозғалыс аштық. Құрылыс жұмыстарын үш негізгі бағыт бойынша жүргізудеміз: айналма жолдарды жойып, көпірлер мен мал өткелдерін салу бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, асфальт төсеу жұмысы да қолға алынды. Қазіргі уақытта 260 шақырымда қозғалыс қамтамасыз етіліп отыр. Шарт талаптарына сәйкес құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2023 жылдың соңына көзделген", – дейді компанияның Қарағанды облыстық филиалының басшысы Сырым Хамзин.

Жоба аясында 46 ірі жасанды конструкциялар  (мал айдау, жол өтпелері, көлік айрықтары мен көпірлер) құрылысы қарастырылған – қазіргі уақытта бұл жұмыстар 65%-ға аяқталыпты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Қарағанды облыстық филиалы басшысының айтуынша, өңірде жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарын одан әрі дамыту үшін 19 демалыс алаңы дайын тұр. Бұл алаңдар болашақта жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарына айналмақ. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін "Қарағанды-Балқаш" трассасының бойында әрбір 100-150 шақырым сайын А және B санатына жататын 3 жол бойындағы сервис объектісі ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу