Қарағанды-Балқаш күре жолының алғашқы төрт жолағы ашылды

373

Қарағанды-Балқаш күре жолының жалпы ұзындығы 363 шақырым.  

Қарағанды-Балқаш күре жолының алғашқы төрт жолағы ашылды Фото: gov.kz

Көлік министрлігінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларын қосатын Орталық-Оңтүстік дәлізінің учаскелерінде қозғалыс ашып, жолды қолданысқа тапсыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Қарағанды-Балқаш күре жолының алғашқы төрт жолағы ашылды. Қарағанды қаласынан Ақбастау ауылына дейінгі аралықта жаңа асфальт төселіп, төрт жолақты жол толығымен ашылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тосқауыл қоршауы орнатылды. Қарағанды-Балқаш күре жолының жалпы ұзындығы 363 шақырым. 

Күре жол I санатқа ие және төрт жолақтан тұрады. Қайта құру жұмыстары аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін арналған 32 жол өтпесі, көлік айрығы және темір жол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы толық аяқталды. Бұл күре жол толығымен жаңа асфальтпен қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу