Қарағанды – Балқаш тасжолының пайдалануға беру мерзімі белгілі болды

1257

Қарағанды – Балқаш тасжолының 40 пайызы салынып бітті.

Қарағанды – Балқаш тасжолының пайдалануға беру мерзімі белгілі болды

Республикалық маңызды жолы 4 қабатпен (төменгі, ортаңғы, жоғары қабат және тас жол) салынып жатыр, деп хабарлайды inbusinnes.kz.

"Құрылыс материалдарының барлығы отандық, цемент пен бетон өзіміздің өңірде өндіріледі. Ал қалған материалдарды Павлодардан алдырып жатырмыз. Жоба құрылысы 2019 жылы басталды. Жоспарға сәйкес 2023 жылы пайдалануға берілуге тиіс. Тас жол 8 учаскеден тұрады. Қазіргі уақытта барлық учаске бойынша жол салу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тас жолдың 40 пайызы салынып бітті. Жыл соңына дейін біткен жол учаскелері пайдалануға беріледі", - деді "QazAvtoJol" ұлттық компаниясы АҚ-ның Қарағанды облысы филиалы директорының орынбасары Сырым Хамзин.

Оның айтуынша, аталған бағыт бойынша жол салу жұмысына 2 мыңға жуық маман және 890 арайы техника жұмылдырылған.

"Жол құрылысы жұмыстарына басты қажетті материалдардың бірі цемент пен бетон. Сондықтан да бүгінде цемент-бетон зауытының өндірісі қызып тұр. Нақтырақ айтқанда, сағатына 2 мың тоннадан астам цемент пен бетон өндіріп жатыр. 2 мыңға жуық маман жол салуда. Оның 130-ы шетелдік мамандар, қалғаны өзіміздің мамандар. Одан бөлек, тас жол бойында инфрақұрылымды дамыту жоспары да бар. Яғни жол бойында жылы әжетханалар орнатылып, шағын бизнес үшін жағдай жасау. Сол сияқты мал жайылымы да назардан тыс қалмады. Яғни жол мал түліктерінің жайылымына кедергі жасамауы тиіс, ол үшін арнайы мал өтетін өтпе жолдар қарастырылып жатыр. "Қарағанды –Балқаш" тас жолы бойында 300 мал жүріп-тұратын арнайы бекет орнатылады. Бүгінде жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жоба-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр", - дейді ол.

Айта кетсек, бұған дейін "QazAvtoJol" ұлттық компаниясы биыл елімізде ақылы жолдардың саны артатынын жариялаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу