Қарағанды бидайығы Ресейге экспортталды

759

Қарағанды бидайығы Ресейге экспортталды

Алғаш рет Қарағанды өсімдіктану және селекция ғылыми-зерттеу институты (ҚӨСҒЗИ) бес тонна бидайық шөпті (еркекшөпті) (житняк) Ресейге экспорттады. Егер тауар сатып алушыларға ұнайтын болса, жөнелтілетін өнім көлемі анағұрлым ұлғайтылатын болады, деп хабарлайды ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің баспасөз қызметі.

"Біз Ресей Федерациясына сынама түрде бес тонна еркекшөп жөнелттік, – деп мәлімдеді "ҚӨСҒЗИ" ЖШС бас директоры Дамир Қалдыбаев. – Мұндай аз көлем Ресей үшін біздің нарық таңсық болғандықтан әзірге біздің тауарға сенімсіздікпен қарауымен түсіндіріліп отыр. Егер өнімнің сапасы олардың көңілінен шығатын болса, ресейліктер анағұрлым көп көлемде – 150 тонна шөпті сатып алуға дайын".

Сонымен қатар "Карагандинская-30" бидай сұрыпын көршілес Ақмола облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілері сатып алмақшы. Биылғы жылы сынақ учаскілерінде бұл сұрып ең үлкен өнімділікті – бір гектардан 15 центнерді көрсетіп отыр. Мамандардың айтуынша құрғақ климат жағдайында бұл бидай түрі жоғары көрсеткіштерге ие болады.

Әзірге ҚӨСҒЗИ тұқымдарының негізгі тұтынушылары – жергілікті шаруалар. Мұнда тары, сұлы, арпа дәндері, бір жылдық және көпжылдық шөптер сатып алынады.

Бидайық шөп – аса күтімді қажет етпейтін жер мен климатқа бейімделген көпжылдық шөптердің түрі. Ол ХХ ғасырдан бастап құнды азық шөп ретінде пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу