Қарағанды фармацевтикалық кешені (КВК) коронавирусқа қарсы ресейлік бір компонентті вакцина "Спутник Лайтты" шығаруды бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
"Бұл вакцинаның валидациялық партиялары қазірдің өзінде кешенде өндіріліп, сапасын бақылау үшін Ресейге жіберілді", - делінген фармацевтикалық кешеннің хабарламасында.
Кешен оның Ресей ғылыми-зерттеу институтында ревакцинация үшін әзірленгенін еске салды.
"Спутник лайт” вакцинасы Қазақстанда өткен жылдың ортасында тіркелген.
"Оның тиімділігі қолданудан кейінгі 28-күннен бастап 79,4% құрайды", - деп жазылған хабарламада.
"Айта кетейік, қазақстандықтарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін Спутник V препаратының алғашқы сериялары ҚФК-да шығарылды.
2021 жылдың ақпан айынан бастап инфекцияның таралуына қарсы тұру үшін аса қажетті вакцинаның 7 млн дозасы айналымға жіберілді.
Қарағанды фармацевтикалық кешені коронавирусқа қарсы вакциналардан басқа қатерлі ісік, гемофилия, склероз, қант диабеті және өзге де ауруларға арналған дәрі-дәрмектерді өндіруге маманданған. Оның қуаттылығы жылына 4 млн қаптамаға дейін дәрі-дәрмек шығаруға мүмкіндік береді.