Қарағанды ​​фармацевтикалық зауытында ресейлік Спутник V өндірісі тоқтатылды

685

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Қарағанды ​​фармацевтикалық зауытында ресейлік Спутник V өндірісі тоқтатылды

“Қазір біз вакциналарды қосымша сатып алу туралы айтып отырған жоқпыз. Біз вакциналардың тұтынылуын, олардың қалай қолданылып жатқанын қадағалап жатырмыз. Біз Спутник V вакцинасын сатып алуды жоспарлап отырған жоқпыз. Қазір Қарағанды ​​фармацевтикалық зауыты вакцина өндірісі басталғанға дейін шығарған дәрі-дәрмекті әзірлеуде. Қарағанды ​​фармацевтикалық зауытында қазір вакцина өндіріліп жатқан жоқ", – деді Есмағамбетова бейсенбі күні Сенат отырысында.

Ол Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 млн-нан астам дозасы, оның ішінде қытайлық Sinopharm вакцинасының 1,8 млн дозасы, Pfizer вакцинасының 1,5 млн дозасы және отандық QazVac вакцинасының 800 мың дозасы бар екенін атап өтті.

"Бұл көлем вакцинация мен ревакцинация үшін жеткілікті", – деп қосты спикер.

Айжан Есмағамбетова алдағы уақытта қазақстандықтар отандық QazVac вакцинасы арқылы вакцинацияланып, қайта егілетінін нақтылады.

Еске сала кетсек, Қазақстан халқын COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 2021 жылдың 1 ақпанынан басталды.  Алғашында Қазақстанға әкелінген ресейлік Спутник V вакцинасымен екпе салынса, 23 ақпанда екпеге Қарағандыда өндірілген ресейлік препарат қосылды.

Коронавирусқа қарсы вакцина еліміздің 18 жастан асқан және қарсы көрсетілімдері жоқ барлық мүдделі азаматтарына тегін салынады.

Қазақстан халқы 19,1 млн-нан асты, 10 млн-нан астамы коронавирусқа қарсы екпе алуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу