Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен қызметкерлердің жағдайы белгілі болды

231

Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен қызметкерлердің жағдайы белгілі болды Фото: canva.com

Қазіргі уақытта Қарағанды ферроқорытпа зауытының зардап шеккен сегіз қызметкеріне медициналық көмек көрсету жалғасуда. Барлық пациенттер профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада ем алуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша қосымша медициналық көмекті көрсету үшін Қарағандыға Академик Н.Д.Бәтпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарысов бастаған қызметкерлер арнайы келді.

Медициналық топтың құрамына тәжірибелі комбустиолог-реаниматологтар кірді. Елордалық мамандар жергілікті дәрігерлермен алғашқы кезде барлық қажетті медициналық көмектің көрсетілгенін атап өтті. 

Зардап шеккен алты адамның жағдайы өте ауыр болып қалуда. Тағы екі науқас интенсивті терапия бөлімінде. Науқастардың денсаулығы мен өмірі үшін күрес жалғасуда, ем алушыларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу