Қарағанды хайуанаттар бағы жануарлар топтамасын біртіндеп арттырып келеді.
Жақында Армениядан үш қара мангобей әкелінді. Бұл маймылдар әр зообақта кездесе бермейді.
– Біз коллекцияны жаңартуға тырысудамыз, биылғы жылға әлі де жоспарлар бар. Біз бұрын-соңды болмаған жануарларды алғымыз келеді. Гималай аюы келеді, ол жайлы Барнаул зоологиялық паркімен келістік. Біз оған жұп табу үшін басқа хайуанаттар бағымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, – деді Гүлнара Адамбекова. – Біз сондай-ақ жаңа тау ешкілерін, экзотикалық ламаларды сатып алуды жоспарлап отырмыз.
Директор хайуанаттар бағында жануарларды тасымалдауға арналған көлік пайда болғанын атап өтті.
Сонымен қатар, жаңа кең ғимаратта фауна мен флораға арналған көрмелер ұйымдастыруға орын бар. Қысқы демалыста балаларға көбелектер экспозициясы дайындалмақ. Тұрақты келушілердің бірі осындай ұсыныс жасады. Ол көп жылдар бойы жинаған әдемі жәндіктердің жеке коллекциясын көпшілікке көрсетуге дайын.
Қарағанды хайуанаттар бағында балаларға арналған тегін мейірімділік мектебі де жұмыс істейді. Екі топта сабақтар сенбі сайын өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Қарағанды хайуанаттар бағы Еуроазиялық аймақтық хайуанаттар мен аквариумдар қауымдастығының (ЕАРАЗА) толық мүшесі болды. Сонымен, басқа елдердегі әріптестерімен жануарлар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.
Қазір Қарағанды хайуанаттар бағының коллекциясында 180 мыңнан астам жануар бар. Оның 70%-ы Қызыл кітапқа енгізілген.