"2023 жылы зообағымызға 85 жыл толады. Алматы хайуанаттар бағы бізді бірінші болып құттықтап, 3 жасар аталық жолбарысты сыйға тартты. Мұндай сыйлық қазір 8 миллионға бағаланады. Бұл таза қанды амур жолбарысы 2019 жылы 15 наурызда дүниеге келген. Құжаттарға сәйкес, оның дені сау. Жаңа тұрғынға біздің үй ұнайды деп үміттенеміз. Ол үшін бізде Миа деген қалыңдық бар, оны 2020 жылы ашық хайуанаттар бағынан сатып алғанбыз. Миа 2018 жылы дүниеге келген. Қазір амур жолбарыстары құрып кетудің аз-ақ алдында тұр", – дейді Қарағанды хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбаева.