Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты – екі жаңа қоршауда енді бразза маймылдар тұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, Чехия хайуанаттар бағынан валлаби жұбы сатып алынды. Бұл кенгуру тұқымдастары, бірақ олардан сәл кішірек.
Жануарлар табиғатта сирек кездесетін альбиностар.
Бразза маймылдар біздің хайуанаттар бағына қазан айының соңында келді. Онда бір аталық және екі ұрғашы, сондай-ақ сәби маймыл бар. Осы тұқымдас маймылдар патриархат жүйесін ұстанады.
– Қарағанды хайуанаттар бағында мұндай маймылдар ешқашан болған емес. Қазір олар арнайы дайындалған екі қоршауда тұрады. Түрлі сөрелер, баспалдақтар, әткеншектер бар. Біз оларға үй салдық, енді гамак жасағымыз келеді, – дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова. – Бұл қорек талғамайтын маймылдар. Олар тұқымдар, жаңғақтар, маусымдық жемістер, банан, апельсин жейді. Оларға біздің хайуанаттар бағында өсірілген асқабақ пен цуккини ұнайды. Сондай-ақ қайнатылған ет пен балық береміз. Олар айран ішіп, сүзбе жегенді ұнатады.
Бразза маймылдары 1876 жылы сипаттаған француз зерттеушісі Пьер Саворнян де Браззаның құрметіне аталған. Маймылдар басқа жануарлардың дыбыстарына еліктей алады. Ұрғашылары екі-үш жылда бір күшіктейді.
Бразза маймылдары ойнақы және алаңсыз өмір сүреді, олардың осы мінезі зообаққа келушілерді қызықтырады.