Қарағанды хайуанаттар бағында жаңа ғимарат салынды

517

Қарағанды хайуанаттар бағы – елдегі ең көне саябақтардың бірі. Биыл ол 85 жылдығын атап өтеді. 

Қарағанды хайуанаттар бағында жаңа ғимарат салынды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Ішкі безендіру, қасбет және абаттандыру бойынша жұмыстар қалды. Тамыз айында нысан тапсырылады. Содан кейін қызметкерлер мен жануарлардың көп жылдар бойы күткен қоныс тойы болады.

Естеріңізге сала кетейік, Құрылыс 2018 жылы басталған болатын. Содан кейін жобалық қателіктерге байланысты жұмыстар тоқтатылды. Іс ұзаққа созылды. Өткен жылы құрылыс қайта басталды.

Жақында жаңа хайуанаттар бағы келушілерге есік ашады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустар мен лифт бар.

Залдың орталық бөлігі көрмесі бар үш аралықты атриумнан құралады. Бірінші қабатта тасбақалар мен қолтырауындар, сондай-ақ жыртқыштар мен приматтар орналасады. Екіншісінде балықтары бар аквариумдар мен құстары бар қоршаулар болады. Үшіншісінде – көрме және конференц-залдар.

Сондай-ақ, жаңа ғимаратта қосалқы бөлмелер, жануарлар қорегін әзірлейтін ас үй, әкімшілікке арналған блок жабдықталған. Хайуанаттар бағының директоры Гүлнара Адамбекова оқушылар мен студенттерге арналған оқу орталығын ұйымдастырып жатқанын айтты. Оның айтуынша, хайуанаттар бағына күн сайын 1500 адамға дейін барады, онда екі жүзге жуық түрге жататын 2000-нан астам жануарлар, соның ішінде Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстар бар. Биыл олар зооколлекцияны толықтыруды жоспарлап отыр, Израильден олар бірнеше зебра сатып алғысы келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу