Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына үкім шықты

1038

Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабековке сот үкім шықты, деп хабарлайды Atameken Business.    

Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына үкім шықты

Ол қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Жеңідетілген мән-жайлар ретінде оның 61 жаста екені және кішкентай балаларының болуы  ескерілген. Сот сондай-ақ, кәсіпкер Ермек Қасеновті Қылмыстық кодекстің 190-шы бабына сәйкес "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" фактісі бойынша кінәлі деп таныды. Оған бас бостандығынан 5 жылға шартты түрде айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу