Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі тағайындалды

506

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болып Досбол Күлекеев тағайындалды. 

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі тағайындалды Фото: gov.kz

Бұған дейін осы лауазымды атқарған Саят Шаймин өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz .

Досбол Батырбекұлы Күлекеев 1981 жылы туған, жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ инвестициялық жобаларды кредиттеу басқармасының менеджері болып бастаған.

2007-2015 жылдары "Интергаз Орталық Азия" АҚ-да, Астана қаласында түрлі лауазымдарда болды.

2015-2022 жылдары "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бойынша, сондай-ақ "Petro Retail" ЖШС Астана қаласы және Павлодар облысы бойынша орталық филиалында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу