Қарағанды қаласы жылу маусымына дайын болмай шықты

994

Қарағанды жылу маусымына дайын болмай шықты, деп хабарлайды Atameken Business.    

Қарағанды қаласы жылу маусымына дайын болмай шықты

Мұны кеншілер қаласындағы жауапты энергетиктердің өздері мойындады. Сақылдаған сары аязда үйлерінде дірдектеп отырған жұрттың мәселесі бүгін май шаммен қаралды. Толассыз түскен шағымдардан кейін жиын өткізген шаһар басшысы жылу деңгейінің неліктен бәсеңдеп кеткенін анықтауға тырысты. Сөйтсе, ауа температурасы -20 градустан төмендеген сайын қазандықтың жылытуға күші жетпейтін көрінеді. Ал оған  "Қарағанды энерго – орталығының" бас директоры: "қаладағы жаңа үйлердің көптеп салынуы себеп",- дейді. Бұдан бөлек, енді арызданған тұрғындарға жылу үшін төленетін қызмет ақысы қайта қарастырылатын болады. Бірақ, нақты қандай тәсілмен екені әлі белгісіз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу