Қарағанды қаласында ер адам үсіп қайтыс болды

1143

Болжам бойынша қайтыс болған ер адам ішімдік ішкен. 

Қарағанды қаласында ер адам үсіп қайтыс болды Фото: google

20 қаңтарда Қарағанды  қаласындағы Крылов көшесінде ер адамның мүрдесі табылған. Ер адам түнде жол жиегіне құлап тұра алмай қалған тәрізді. Марқұмның денесін үсік шалған.

“Алдын ала болжам бойынша ер адам ішімдік ішкен болуы мүмкін. Қарағанды қаласының тұрғыны. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр”, - деп хабарлады Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болған ер адам 1984 жылы туған. Полиция дерегінше ол бұрын бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу