Қарағанды қаласында заңсыз қазандық анықталды

508

Қарағанды қаласының Күнгей ықшам ауданында заңсыз жұмыс істеп тұрған қазандық анықталды.  

Қарағанды қаласында заңсыз қазандық анықталды Фото: ekaraganda.kz

Осы маңдағы 60-қа жуық таунхаусқа жылу беріп тұрған нысанның рұқсат қағаздары жоқ екені тексеріс кезінде белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті халық қазандықты "Байқоңыр" деп атап кеткен. Себебі, мұржасынан қызыл жалын шыққанда ұшып бара жатқан зымыранға ұқсайды. Тұрғындардан көмір мен күлден көтерілген шаң-тозаң және қою түтінге шағым көп. Экологтар қазандықтың жұмысын тоқтатуды талап етіп отыр.

Қала тұрғыны Владимир Пантюхиннің айтуынша, қазандық тұрғын үйге тым жақын орналаспау керек қой. Мұржадан шыққан қою түтіннен тұншығамыз. Жел терісінен соқса екен деп күнде тілеп отырамыз. Ал көмір мен күлден ұшқан шаң үйдің ішіне дейін кіреді. Айнала қара күйе. Біздің талабымыз үйден алыстау жерге апарсын.

"Ол қазандық біз тексеріс жүргіздік. Айыппұлға тарттық. Дегенмен де экологиялық рұқсат қағаздары болмаған себепті қазіргі таңда біз сотқа жүгіндік. Қазандықтың жұмысын тоқтату туралы қазір сот қарап жатыр", - деді облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Дархан Есжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу