Қарағанды қаласында зейнеткердің 3,5 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды

Ол зейнеткердің сеніміне кіріп, ақшаны қолды қылғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. 

Қарағанды қаласында зейнеткердің 3,5 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды Фото: freepik

Ресми мәліметке сәйкес, күдікті үш жыл бойы 72 жастағы қарағандылықтың банк картасынан жасырын түрде ақша алып келген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды қаласының 72 жастағы тұрғыны оның шотынан белгісіз біреу 3,5 миллион теңге ақша ұрлағанын айтып, полицияға шұғыл түрде хабарласқан.

Тергеу жұмыстарының барысында полиция қызметкерлері зейнеткердің банк картасын 48 жастағы азаматшаның қолданатынын анықтады. Ол азаматша үш жыл көлемінде жәбірленуші зейнеткердің асын дайындап, үйін жинап, дүкеннен азық-түлігін әкеліп отырған. Сол уақытта азаматша зейнеткердің банк картасынан жасырын түрде ақша шешіп отырған.

Сондай-ақ, зейнеткер өзіне банк картасы қажет болғанда картаның көмекшіде болғанын анықтаған. Сол кезде жәбірленуші азамат күдіктінің 3,5 млн теңгені қолды қылғанын сезген.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол зейнеткердің сеніміне кіріп, ақшаны қолды қылғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу