Қарағанды қаласындағы орталық мешітке Әнет Бабаның есімі берілді

1271

Қарағанды қаласындағы орталық мешітке Әнет Бабаның есімі берілді

Қарағанды облыстық мешіт енді белгілі ғұлама, мемлекет қайраткері, қазақтың атақты биі Әнет Баба есімімен аталатын болады. Салтанатты шараға қаланың қоғамдық өкілдері мен Астана, Алматы, Семей қалаларынан келген меймандар қатысты. 
"Бұл қадам мәні мен мағынасы бөлек жаңалық. Әнет Баба тарихи тұлға. Қазақтың қатпарлы тарихы мен мәдениеті және этнографиясына айтарлықтай үлесін қосқан жан. Облыстың ақсақалдары мен белсенді зиялы қауымы ақылдаса келе, бір ауыздан Әнет Бабаның есімін таңдады деп атап өтті",- деді облыстық мешіттің бас иамамы Өмірзақ Бекқожа. 
Салтанатты шарадан соң еліміздің түкпір – түкпірінен келген Әнет бабаның ұрпақтары жамағатқа үлкен ас беріп, құран бағыштады.
Әнет Баба Кішікұлы (1626—1723) қазақ мемлекетінің қайраткері, зерттеуші, Әз Тәуке ханның кеңесшісі болған. Өз заманында "Билердің биі" атанған тұлға. 2007 жылы Алматы қаласының бір көшесіне Әнет бабаның есімі берілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу