Қарағанды қаласының теміржол вокзалын қайта қалыпқа келтіру мәселесі көптен бері талықланып келеді. Келесі жылы жолаушыларға жайлы жағдай жасалады деп уәде берілуде. Жобаны жүзеге асыру 2,1 млрд теңгені қажет етеді. Вокзалдың аумағы екі есе кеңейтіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Қазіргі таңда жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында және қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін Қарағанды қаласының теміржол вокзалын қайта қалыпқа келтіру мәселесі қарастырылуда. "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат дайындау бойынша байқау жариялаған. Оның құны – 2,1 млрд теңге", - деді Жолаушы тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов.
Жоба шеңберінде екі қабатты павильонның құрылысы қарастырылған. Қайта қалыпқа келтіруден соң басты қасбетте жаңа қосымша құрылыс және платформалардың үстінде жабын пайда болады. Фундамент нығайтылатын болады.
Қарағандының вокзалы арқылы тәулігіне 21 пойыздар жұбы өтеді. Жеті бағыт бойынша қалааралық облысішілік және қала сыртындағы тасымалдар жүзеге асырылады.