Александр Березка шипажайының ауданында жеке үйде тұрады. Қазір компания оның үйіне газ жабдықтарын орнату жұмыстарын аяқтап жатыр. Ол осы жұмыс үшін ақша төлеп қойған. Енді соңғы сәтте оған жыл сайын техникалық қызмет көрсету үшін ақы төлеу керектігі хабарланып отыр.
"Бұл туралы маған ертерек айтқан жоқ. Аяқ асты келіп, ақша төлеп тұрасын деді. Жыл сайын 24000 мың теңге ақы беремін. Ал, олар келіп тексеріп отырады", - деді Қарағанды қаласының тұрғыны Александр.
Ал, жыл сайын төлеу қажеттігін кенет біліп, келісімнің заңдылығына күмәнданатын тұрғындар көбейіп кетті.
"Газ және газбен қамтамасыз ету жайлы заң бойынша тұтынушы міндетті түрде орнатушы компаниямен келісімге, шартқа отыруы керек", - деп атап өтті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қарағанды өндірістік филиалының директоры Бекзат Шұға.
Газбен жабдықтауға қосылғаннан кейін тұтынушы қызмет көрсету үшін мердігерді өз бетінше таңдауы керек. Ал, қалада олардың саны өте көп, дейді Қарағанды қаласының Тұрғын үй инспекциясындағылар. "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес коммуналдық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын оларға техникалық қызмет көрсетуге шарт жасамай пайдалануға тыйым салынатынын растайды.
"Әрбір 6 ай сайын техникалық тексеріс жүріп тұрады. Бұл қауіпсіздікті сақтайды. Егер одан бас тартса онда газ берілуі тоқтатылады", - деді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қарағанды өндірістік филиалының директоры Бекзат Шұға.
Сонымен қатар, кез келген сұрақтар туындаған жағдайда қызмет көрсетуші компания барып, көмек көрсетуі керек. Айтпақшы, барлық компаниялардың қызмет көрсетуге өзіндік тарифтері бар және орташа сома жылына 25 мың теңгені құрайды. Әркім өзі үшін шарттары қолайлы және тартымды компанияны таңдай алады.