Қарағанды – Қарқаралы жолы 2025 жылға дейін жөнделеді

1030

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі жолдар туралы сөз қозғаған Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деп мәлімдеді. 

Қарағанды – Қарқаралы жолы 2025 жылға дейін жөнделеді

Оның сөзінше, аймақтағы республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу Балқаш, Қарқалары және Ұлытаудағы туризм саласының дамуына ықпал етеді. 

"Биылғы жылы жол жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемін арттырдық. 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 4 мың техника жұмылдырылды. Басты назарда орталық-оңтүстік бағытындағы көлік дәлізі болды. Оның ішінде Қарағандыдан Жамбыл облысына дейінгі жолдар қайта жөндеуден өткізілуде. Олардың арасы 513 шақырым", – деді облыс әкімі. 

Өңір басшысының сөзінше Қарағанды облысы үшін республикалық маңызы бар Қарағанды – Қарқаралы, Қызылорда – Жезқазған, Жезқазған – Қарағанды, Жезқазған – Арқалық жолдары әлі де түрлі қиындықтар тудыруда. 

"Сондықтан бұл бағыттарды Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін жөндеу жоспарланған", – деді Жеңіс Қасымбек. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу