Қарағанды кәсіпорындары 2 мыңнан аса бос жұмыс орнын ұсынып отыр

1213

Қарағанды кәсіпорындары 2 мыңнан аса бос жұмыс орнын ұсынып отыр

Қарағандыда "THE JOB FAIR IS UNDER OPEN AIR" атты ашық аспан астындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай,  жәрмеңкеге Қарағанды қаласындағы түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.

Бүгінде Қарағанды қаласындағы 472 кәсіпорындар мен ұйымдар 2278 бос орын ұсынып отыр, жәрмеңкеге 92 кәсіпорын қатысты.

Жәрмеңкеге мектептер көптен келген екен, оларға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жетіспеуде. Жәрмеңкеде жұмыс іздеушілерге төмендегідей мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды: инженер, логист, менеджер, есепші, сарапшы-бағалаушы, дәрігер, аудармашы, тігінші, слесарь, жүк тасушы, күзетші, токарь және тағы басқалар.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жергілікті атқару органдарына 245 бос лауазымдар ұсынды. Бүгінгі жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 1052 адам қатысты, олардың 205 жұмысқа орналасты, 255 өз түйіндемелерін қалдырып кетті, 206 адам 2017-2021 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша кеңестер алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу