Биыл Қарағанды облысында құю-машина жасау зауыты жаңғыртылады, деп хабарлайды abctv.kz.
Ит жылында жүзеге асырылатын жобаның бірі – "Maker" ЖШС-ның "Машина жасау өндірісін жаңғырту" жобасы. Жобаның жалпы құны 13762 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын жаңғыртудан өткеннен соң, 99 жұмыс орны құрылады, жобалық қуаттылығы артады, жылына 11900 тонна өнім шығаруға мүмкіндік алады деп көзделуде.
Негізі, жобаның міндеті – қолданыстағы машина жасау өндірісін жандандыру, өндірістік қуаттылығын 3-4 мың тоннадан 12 мың тоннаға дейін ұлғайту. Ал, зауыттың өзі 80% жаңарады. Еуропа, Америка, корей, түрік өндірушілерінің алдыңғы қатарлы құрылғыларымен жабдықталады. Замануи құрал-жабдықтар осы зауыттан табылмақ. Жаңғыртудан кейін зауыт өнімін шетел нарығына шығарып, сонымен бірге, импорт алмастыруды 70%-ға дейін қамтиды деп күтілуде.