Қарағанды маңында 40 жолаушысы бар автобус ақтүтек боранда қалып кетті

191

10 наурызда 112 пультіне Қарағанды облысы рейстік автобус жүргізушісінен Осакаровка ауданында қар үйіндісінде қалу себебінен қозғалысты жалғастыра алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті 

Қарағанды маңында 40 жолаушысы бар автобус ақтүтек боранда қалып кетті Фото: бейнеден скриншот

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шақыру орнына дереу жоғары өтімді арнайы техника аттанып, ішінде бір бала бар 40 жолаушы вахтовкамен Осакаровка елдімекенінің теміржол вокзалына жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Құтқарушылар автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу