Қарағанды маңындағы ауылда тұрғын үйдің төбесі отқа оранды

460

Зардап шеккендер жоқ.

Қарағанды маңындағы ауылда тұрғын үйдің төбесі отқа оранды Фото: ekaraganda.kz

Қарағанды маңындағы ауылда тұрғын үйдің төбесі өртенді, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап. 

18 мамырда түнгі сағат 02.19-да Бұқар Жырау ауданы, Новоузенка ауылындағы Шукушев көшесі 28 мекенжайындағы үйдің шатыры өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті.

Өрт шыққан орынға екі өрт сөндіру автоцистернасы, жеке құрамның 10 адамы жіберілді. 

"200 шаршы метр аумақтағы екі пәтерлі тұрғын үйдің ағаш төбесінің өртенгені анықталды. Өрт сағат 03.14-те жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу