Қарағанды медицина университетінде жаңа мамандық пайда болды

3495

Ол республика бойынша бірыңғай мамандықтар тізіліміне енгізілген.

Қарағанды медицина университетінде жаңа мамандық пайда болды

Қарағанды медицина университетінде бакалавриат деңгейінде "IT- Медицина" жаңа аралық мамандығы ашылды. Ол республика бойынша бірыңғай мамандықтар тізіліміне енгізілген. Биылдан бастап бірінші түлектерін қабылдап жатыр, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Бағдарламаны бір жылға жуық әзірледі. Бұл аралас мамандық, яғни студенттер екі бағыт бойынша білім алатын болады. Біріншісі: ақпараттық технологиялар және бағдарламалау. Екіншісі: медициналық. Бұл дайын IT-мамандар медициналық қаріптерді, кодтарды және т.б. шешуі үшін қажет. Біз ҚМАЖ, республикалық орталық және Damumed сияқты жеке компаниялар үшін болашақ мамандарды даярлайтын боламыз",–деп түсіндірді Қарағанды медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Бахтияр Серік.

Оның айтуынша, оқу үдерісі бірден екі ЖОО-да өтеді: Қарағанды медицина университеті мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде. Оқу мерзімі – 4 жыл. Бітіргеннен кейін түлектер екі жоғары оқу орнынан екі дипломын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу