Қарағанды мектептерінде қоқысты сұрыптап жинауға арналған контейнер орнатылады

1825

"Vпереработку" акциясы Қазақстанның барлық қаласының оқушылары қатысатын "ЭкоChallenge" ауқымды байқауының бір бөлігі ғана. 

Қарағанды мектептерінде қоқысты сұрыптап жинауға арналған контейнер орнатылады

"Vпереработку" акциясының шеңберінде қарағандылық мектептерде бөлек жиналатын қоқыс контейнерлері орнатылады. Оларға қағаз, пластик, темір немесе алюминий қаптамаларды, шыны және тетрапакеттерді тастауға болады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

"Vпереработку" акциясы қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры Қарағанды облыстық білім басқармасымен бірлесіп өткізіп отыр. Оның мақсаты – оқушыларға қоқысты бөлшектеп жинаудың маңыздылығын түсіндіру. 

Қарағандыда білім бөлімі, қалдық өңдейтін "Recycling" ЖШС және Қоғамдық маңызды бастамалар қоры арасында меморандум құрылды. Әзірге ведомстволар тек 2019 жылға өзара серіктестіктке келісім жасады, алайда егер ол сәтті өтсе, әрі қарай да жалғасады. 

Қазіргі таңда Қарағандының барлық мектептерінде қағаз, шыны, темір, пластик лақтыратын арнайы контейнерлер орнатылды. Олар толған сайын "Recycling" ЖШС мамандары қоқыс жәшіктерін ауыстырып отырады. 

"Vпереработку" акциясы Қазақстанның барлық қаласының оқушысы қатысатын "ЭкоChallenge" ауқымды байқауының бір бөлігі ғана. Олардың әрқайсысы арнайы порталда тіркеледі, онда экология тақырыбында өтетін барлық шаралар белгіленеді. Ең көп шара өткізген мектеп Қоғамдық маңызды бастамалар қорынан ақшалай грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Ол қаражатты экологиялық жобаларға, дәлірек айтсақ, мектеп жылыжайын салуға немесе гидропоника кабинетін жабдықтауға жұмсауға болады. 

Байқау қорытындысы биылғы жылдың тамызында жасалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу