Қарағандыдан Балқашқа қосымша жүрдек пойыз іске қосылатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, Балқаштың туристік тартымдылығын арттыру үшін және қарағандылықтарға ыңғайлы болу үшін Балқашқа қосымша жүрдек пойыз іске қосылады.
Ол маусым мен қыркүйек аралығында жүреді және осы уақыт аралығында 30 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
"Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, аялдамалар санын қысқарту есебінен жол жүру уақыты 6 сағатты құрайды. 6 тұратын құрам күнара жүретін болады", - делінген облыстық әкімдік хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу