Қарағанды мен Мәскеу арасындағы жолаушылар пойызының қатынасы 2024 жылдың желтоқсанында қайта жанданады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2024 жылдың 17 желтоқсанынан бастап "Қарағанды-Мәскеу" бағытындағы №83/84 халықаралық жолаушылар пойызы аптасына екі мәрте қатынайды. Қарағандыдан сейсенбі және сенбі күндері, ал Мәскеуден кері бағытта жұма және сейсенбі күндері жөнелтілуі жоспарланған.
Пойызда купе және плацкарт вагондары, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындар қарастырылған.
Билеттерді жөнелтуге 45 күн қалғанда bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзалдардағы "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Тасымалдау ережелері, кесте және билет сатып алу туралы толық ақпаратты 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram аккаунтынан білуге болады.