Қарағанды облыстық бюджетіне өзгерістер енгізілді

590

2022 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізіліп, қаражат әлеуметтік сала мен экономиканың нақты секторына қайта бөлінді.  

Қарағанды облыстық бюджетіне өзгерістер енгізілді Фото: ekaraganda.kz

Облыстық бюджет өзгерісі мәслихаттың кезектен тыс XX сессиясында бекітілді, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қаржы басқармасының басшысы Людмила Башаринаның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыруға, облыс мектептерінде 1-4 сынып оқушыларына арналған тамақтануға шығындар қарастырылған. Бұдан бөлек патронат тәрбиешілер мен қамқоршыларға жәрдемақы төленеді.

Ақпаратқа сәйкес, үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау үшін ақша қосылған.

"Қаражат облыс ішіндегі әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға бағытталған. АӨК субъектілеріне пестицидтерді сатып алу және инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу субсидияланады. Саран қаласында РТИ ауданындағы үйді қайта жөндеуді аяқтау қаржыландырылды", - деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу