Қарағанды облыстық прокуратурасы кезекті рет ескерту жасады

1607

Қаңтардың 1-і күні түнде "Древний Рим" мейрамханасында болған оқиғаны ұлтаралық қақтығыс деп көрсеткісі келгендерді, ары қарай да ұлттар арасында кикілжің тудыруға тырысып, жалған ақпарат таратқандардың жауапқа тартылатынын жеткізді.

Қарағанды облыстық прокуратурасы кезекті рет ескерту жасады

Қарағанды облыстық прокуратурасы "Древний Рим" мейрамxанасында орын алған жағдайға байланысты ұлтаралық қақтығыс тудырмау туралы кезекті рет ескерту жасады, деп хабарлайды abctv.kz.

"Жалған ақпарат таратқан үшін ҚР ҚК 274 бабы бойынша (5000 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе осы мөлшерде түзету жұмыстары, не болмаса 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осынша уақытқа бас бостандығынан айыру жазасы) жауапкершілікке тарту қарастырылатыны туралы еске саламыз", – делінген хабарламада. 

Ал аталған мейрамxанада орын алған төбелесте зардап шеккен жас жігіттің денсаулығы қазіргі таңда орташа ауыр дәрежеде.

"Күн сайын жағдайы жақсарып келеді, науқастың өміріне және денсаулығына қауіп жоқ. Оның жағдайы мүшкілдеп немесе ол қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.  

Еске сала кетсек, қаңтардың 1-і күні түнде "Древний Рим" мейрамханасында спирттік ішімдіктер тұтынудан кейінгі дау салдарынан келушілер арасында кикілжің туып, нәтижесінде 4 ер азамат пышақ жарақатын алып, біреуі  содан қаза болды.

Дәл сол күні қылмыстык қудалау органымен Қылмыстық кодекстің 99 (кісі өлтіру) және 293-баптарымен (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалған.

"Алайда жекелеген тұлғалар жағдайды тұрақсыздандыруға тырысуда. Осы тақырыпты желеу ете отырып олар азаматтарды және олардың жақындарын заңсыз әрекеттерге арандатуда. Әлеуметтік желілерде қоғамдық пікірді бұрмалауға бағытталған ұлтаралық кикілжің туралы көрінеу жалған ақпарат таратуда", – дейді Қарағанды облыстық прокуратурасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу