Ол бұған дейін Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев әкімдікке кандидатты таныстырды. Депутаттар оны қолдады.
Ермағанбет Бөлекпаев жаңа әкімге жылу маусымын тұрақты өткізу, инженерлік желілерді қайта жаңғыртуды аяқтау, әлеуметтік нысандар салу, сондай-ақ жаңа өндірістер ашу, инвестиция тарту және жастар кәсіпкерлігін қолдау міндеттерін қойды.
Сәбит Оспанов 1969 жылы дүниеге келген. 2000 жылдың сәуірінен бастап мемлекеттік қызметте. Абай қаласының әкімі, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2016 жылдың қараша айында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2022 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған.