Қарағанды облысы, Абай қаласында жедел желі іске қосылды

485

Жедел желіге үйі жылымай жатқандар қоңырау шалып, шағымын айтады деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.  

Қарағанды облысы, Абай қаласында жедел желі іске қосылды Фото: elorda.info

Тұрғындардың айтуынша, аяз күшейгелі тұрғын үйлерге берілетін жылу температурасы күрт төмендеп кеткен. Осыған байланысты қалада арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән-жайын анықтауға кірісті. Желі іске қосылғалы, шақырту бойынша 40 үйде тексеру жүргізілген. Коммуналдық сала мамандарының сөзінше, үйішілік құбыр желілерінде ақау өте көп. Қаланы  "Топар" жылу электр станциясы жылумен қамтамасыз етеді. Мекеменің балансындағы құбырладардың 90 проценті әбден ескірген. Жүйені толық модеринизациялауға 20 миллиард теңге қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу