Қарағанды ​​облысы әкімдігінің той жасаған шенеунігі қызметінен кетті

2615

Бұл туралы облыс әкімі аппараттық жиналыста мәлім еткен. 

Қарағанды ​​облысы әкімдігінің той жасаған шенеунігі қызметінен кетті

Мейрамханада қызын ұзатқан жер қатынастар басқармасының бастығы Қалел Мақсұтов қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  тілшісі.

Сенбі күні "Ариста" мейрамханасында қызының ұзату тойын дүркіретіп жасаған облыстық жер қатынастар басқармасының басшысы Қалел Мақсұтовты облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қызметінен босатты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мақсұтов Қарағандыдағы полицейлердің қатысуымен қызының үйлену тойын жасады деп айыпталған болатын. Қарағанды ​​облысының әкімдігі арнайы тексеру тағайындауға уәде берген.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті облыстың жер қатынастары басқармасының бастығының қызы ұзатылған мейрамхананың жанындағы бейнежазбаға түсірілген полиция қызметкерлерінің әрекетін  қоршау деп түсіндірді.   

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу