Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

346

Бұл қызметке Азамат Айтбайұлы Тайжанов келді. 

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Азамат Айтбайұлы Тайжанов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азамат Тайжанов Қазақ гуманитарлық-заң университетін (Халықаралық құқық бакалавры), Жапониядағы Токай университетін (экономика магистрі), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. PhD докторы.

2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Экономика және бюджеттік жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінде әртүрлі қызметтер атқарды.

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Егіндікөл және Аршалы аудандарының әкімі болып жұмыс істеді. "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы" АҚ Басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болды.

2021 жылдан 2023 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің кеңесшісі.

2023 жылғы мамырдан бастап осы тағайындауға дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу