Қарағанды облысы Ақтастағы теміржол өткелінің үстімен өтпежол салынады

486

Ол көлік ағымын реттеуге және кептеліске қатысты көпжылдық мәселені шешуге мүмкіндік береді. 

Қарағанды облысы Ақтастағы теміржол өткелінің үстімен өтпежол салынады Фото: gov.kz

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов көпір құрылысы және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте айтып берді.

– Қарағанды – Жезқазған автожолын жөндеу жобасы бүгінгі күні мемлекеттік сараптамадан өтуде. Төрт жолақты жол болады. Биыл жұмыс Жаңаарқадан Қарағандыға қарай 40 шақырым жерде басталады, – дейді Мақсұт Қожанов. – Жоба шеңберінде Ақтас кентінің маңындағы теміржол өткелінде жол өтпесін салу арқылы кептеліспен байланысты көпжылдық проблема шешілетін болады. Осы учаскеде жобаны іске асыру келесі жылы басталады деп жоспарлануда.

Жалпы Қарағанды облысында биыл облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар 734 шақырым автожол жөнделеді. Өңірдегі жол-құрылыс маусымы 1 мамырда басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу