Қарағанды облысы бірінші болып COVID-19-ға қарсы вакцинация орталықтарын ашты

1739

Орталық "ҚО БМСК" ЖШС филиалы негізінде орналасқан және алғашқы вакциналардың партиясын қабылдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы бірінші болып COVID-19-ға қарсы вакцинация орталықтарын ашты

Орталықта: егу бөлмесі, дәрігер бөлмесі, сонымен қатар вакцинациядан кейінгі бақылау аймағы бар. Бөлмелерде барлық вакцинация процесін жазатын бейнебақылау камералары орнатылған. Бейнебақылауға жазылған видео "Қазақтелеком" АҚ мұрағатына беріліп, жыл соңына дейін сақталады. Содан кейін олар цифрландыру басқармасына тапсырылады.

Орталықта вакцинация қалай өтетіндігі туралы "ҚО БМСК" ЖШС емханасының директоры Татьяна Баширова айтып берді.

"Бір шыны бес дозаға есептелген, яғни вакцинацияға дәрігердің рұқсаты бар бес адам дайындалады. Дәрігер науқасты тексерген кейін сауалнама толтырылады, қарсы көрсетілімдері нақтыланады.Науқас ерікті екендігі туралы 2 келісімге қол қоюы керек", – деді Татьяна Баширова.

Одан кейін науқас вакцинациядан кейінгі бақылау аймағы өтеді. Онда ол 30 минут дәрігіерлер бақылауында болады.Дәрігерлер науқасқа 6 күн қашықтықтан бақылау жүргізеді. Екінші инъекция 21 күннен кейін жасалады.

"Облыс бойынша барлығы 115 осындай орталық ашылады. №1 емхана, №3 емхана және Майқұдықтағы №1 Көпсалалы аурухана базасында алғашқылардың бірі болып орталықтар өз жұмысын бастайды. Содан кейін - Теміртау, Жезқазған және Балқашта ашылады", - деді ҚДСҚ жетекшісі Бибігүл Төлегенова.

Бір орталықтың сыйымдылығы - күніне 60 адам.

Вакцинацияға алғашқылардың бірі болып жұқпалы аурулар ауруханаларының медициналық қызметкерлері, реанимация бөлімшелерінің қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем және санитарлық-эпидемиологиялық орталық қызметкерлері кіреді.

Наурыз айынан бастап мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, басқа мекемелердің медицина қызметкерлеріне екпе жасалады.

Сәуір айында - Ішкі істер департаментінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері және диспансерлік есепте тұрған науқастарға екпе жасалады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу