Қарағанды облысы цифрлауға елеулі қадам жасауға дайын

974

Құжаттардың қағаз нұсқалары өткенге кетпек. 

Қарағанды облысы цифрлауға елеулі қадам жасауға дайын

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде барлық құжат айналымын электрондық форматқа көшіруді талап етті. Өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісуде, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Documentolog компаниясының басшылығымен кездесті. Ол құжат айналымын автоматтандыру саласында отандық көшбасшы болып танылды.
Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер бұлтты технологияларда құрылған өз шешімдерін ұсынды. Компания екі жобаны ұсынды: әкімдіктердің ішкі қызметін автоматтандыру және ведомстволық бағынышты ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша.

"Екі жобаның да көздегені бір мақсат – қағаздан бас тарту. Қазіргі уақытта Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбасы бар құжаттарды қағазға теңестіруге мүмкіндік беретін барлық қажетті заңнамалық база бар", – деп атап өтті Documentolog бас директоры Байжан Қанафин.

Интернет арқылы әркім мемлекеттік органдарға хабарласып, жауап ала алады. Хаттарды қағаз тасығышқа басып шығарудың қажеті жоқ.
Электронды қарым-қатынас бюрократиядан құтылумен қатар материалдық пайда әкеледі. Миллиондаған теңгені қағаз сатып алу, курьерлік қызметтер, принтерлер мен сканерлерге қызмет көрсетуді қысқарту арқылы үнемдеуге болады.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу