Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімі тағайындалды

444

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл лауазымға Нұрлан Ламбеков тағайындалды. 

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімі тағайындалды Фото: gov.kz

Бұған дейін ол Осакаров ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Нұрлан Ламбековті Приозерск мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов таныстырды. Депутаттар кандидатураны мақұлдады.

Облыс әкімінің орынбасары қаланы дамытудың басым бағыттарын белгілеп, Приозерск қаласының жаңа басшысының алдына бірқатар міндеттер қойды.

Нұрлан Ламбеков еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында физика пәнінің оқытушысынан мектеп директорына дейін мансап жол жүріп өтті.

1995 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарқаралы ауданы Балықтыкөл ауылы, Қарағайлы кенті әкімдері лауазымдарын атқарды.

2006 жылдан 2012 жылға дейін Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қарқаралы қаласының әкімі, содан кейін Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу