Қарағанды облысы Шет ауданында су тасқынынан болған шығын есептелуде

248

Қазіргі уақытта комиссия су тасқынынан болған залалды бағалауда.  

Қарағанды облысы Шет ауданында су тасқынынан болған шығын есептелуде Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Шет ауданындағы су тасқынынан барлығы 41 үй зардап шекті.

Қазір комиссия Ақсу және Қайрақты ауылдарында жұмысын аяқтауда, келесі кезекте Деріпсал және Красная Поляна. Мүлік шығынын есептеумен қатар үйлердің техникалық жағдайы да анықталады, деп жазады inbusiness.kz сайты Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ермек Алпысов Қайрақты және Ақсу тұрғындарымен де кездесті. Ол қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып, әрқайсысына көмек көрсетілетінін тағы да атап өтті.

"Комиссия залалды бағалауды мүмкіндігінше жедел жүргізуі үшін тапсырма бердім. Әкімдік қазір тәулік бойы жұмыс істеуде. Сенім телефоны құрылды. Біз барлық зардап шеккендерге міндетті түрде көмектесеміз", – деді Ермек Алпысов.

Кеше су басқан ауылдарға облыстық "Әнет баба" мешітінен, "Өрлеу "БАҰО" Қарағанды облысы бойынша кәсіптік даму институты" АҚ филиалынан, "Шығыс" базарынан және Динара Сәтжаннан гуманитарлық көмек жеткізілді.

Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар аудан әкімдігіне (8-71031) 21-5-09, 21-3-04 телефондары арқылы хабарласа алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу