Қарағанды облысы Таяу Шығысқа қой экспорттауды арттырды

778

Қарағанды облысы Таяу Шығысқа қой экспорттауды арттырды

Қарағанды облысы аграрлық сектордағы экспорттық әлеуетін  арттыруда. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша  шетелге 34 млн доллардың өнімі жөнелтілген. Бұл көрсеткіштен 2016  жылмен салыстырғанда экспорттың 6 пайызға өскені байқалады, деп хабарлайды abctv.kz.
Аталған өңір Таяу Шығысқа қозы экспорттауды одан әрі кеңейтуді қолға алған. Ол жақта қазақтандық қой еті жеңсік ас саналатындықтан сұраныс жоғары. БАӘ-ге жыл басынан бері  1200 бас қой жөнелтіліпті.
Ал өсімдік шаруашылығына келер болсақ, соңғы жылдары шетелдік сатып алушылар зығыр, ноқатқа тапсырыс беріп келсе, биылғы маусымнан бастап жасымық ала бастады. Алдағы уақытта бидайдың қатты сұрпын да экспорттау мүмкіншілігі  бар.
Тоғыз айда Қарағанды облысынан 197 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталыпты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 96,2 мың тоннаға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу