20-21 шілдеде Қарағанды облысында триатлоннан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан Республикасының триатлоннан V жазғы спартакиадасы – Қазақстан Триатлон Федерациясының бастамасымен триатлоннан өткізілетін ұлттық біріншілік.
Триатлоннан V жазғы спартакиадасы аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:
1. Elite санаты (18-23 жас аралығы), дисциплина – триатлон, қашықтық – "стандарт" (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру).
2. Elite санаты (13 жастан жоғары), дисциплина – аралас эстафета триатлон 2+2, дистанция – 250 жүзу, 6,6 веложарыс, 1,6 км жүгіру.
Турнирге ел аймақтарынан келген 150-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.