Қарағанды облысы тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

1091

Биыл өңірде 662 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді.  

Қарағанды облысы тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің дерегінше, биыл өңір тұрғын үй құрылысы бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде алғаш рет биыл 662 мың шаршы метр пайдалануға беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2 600-ден астам отбасы мемлекеттік жалға берілетін және ипотекалық тұрғын үй алады. Оның ішінде 621 көпбалалы отбасы бар", – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Алдағы уақытта 830 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Ал алдағы үш жылда облыста жылына бір млн шаршы метрден баспана салу жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс секторында бес мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу