Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында асфальт және қиыршық тас шығаратын қос зауыт іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.
Өңірдің өркендеуіне соны серпін беретін инвестициялық жобаның құны 200 миллион теңге. Мұнда тәулігіне шамамен 80 тонна өнім өндіріледі. Жергілікті 20 адам еңбекпен қамтылған. Олардың барлығы да бір ай бойы Қытайда біліктілігін жетілдіріп, заманауи қондырғыда жұмыс істеудің қыр-сырын үйренді. Енді кәсіпорында өндірілген асфальт осы маңдағы жолдарды жөндеуге жұмсалмақ. Бұл уақытты, әрі қаржыны үнемдеуге мол мүмкіндік береді екен.
Айта кету керек, кәсіпорын басшылығы жуырда дәл осы жерден бетон зауытын салуды да жоспарлап отыр.
"Атасу – Жезқазған жолындағы 23 шақырым орташа жөндеу жұмыстарын алғанбыз, соған да осы материалдарды пайдаланудамыз", – дейді зауыт директоры Серік Базарбеков.