Қарағанды облысы жылыту маусымына 4 млн тонна көмір дайындайды

830

Қарағанды облысындағы қалалар мен аудандар жылыту маусымына 90% дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қарағанды облысы жылыту маусымына 4 млн тонна көмір дайындайды

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста барлығы 6 925 көп қабатты тұрғын үй мен 1 350 әлеуметтік нысанды жылу жүйесіне қосу керек.

"8 энергия көзінде 26 қазандық пен 15 турбинаны жөндеу көзделген. 72 қазандық, 693 автономды жылыту жүйесі, 115 шақырым жылу желісі, 3 300 шақырым электр желісі, 310 шақырым су құбыры және кәріз желілерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 10 қазандық пен 6 турбинада жұмыстар аяқталды. 13 қазандық пен тағы 6 турбина жөнделіп жатыр", - деді облыслық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде.

Бүгінде барлық станция көмір жеткізу бойынша келісімшарт жасаған.

"Отын көмір қоймаларына түсіріліп жатыр. Қажетті қор бар. Алдағы күзгі-қысқы кезеңге шамамен 4 млн тонна көмір дайындалады", - деп жазылған хабарламада.

Облыс әкімі бюджеттік ұйымдарға, бірінші кезекте білім беру ұйымдары мен медициналық мекемелерге көмірді уақтылы жеткізуді тапсырды.

"Жылыту маусымының басталуына аз уақыт қалды. Жоспарланған істі уақытында аяқтау керек. Барлық әкім мен облыстық басқарманың басшысына нысандардағы жөндеу жұмысын аяқтауы тиіс", - деді Жеңіс Қасымбек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу