Қарағанды облысына 458 жас дәрігер жұмыс істеуге барады

1517

Жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау басқармасы таяу үш жылда оларға 281 баспана беруді жоспарлап отыр.

Қарағанды облысына 458 жас дәрігер жұмыс істеуге барады

Қарағанды облысының ауруханалары мен емханаларына 458 жас дәрігер жұмыс істеуге келеді. Бұл туралы облыс әкімшілігінің аппарат отырысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

"Біз порталда (Enbek.kz) Қарағанды облысында жас дәрігерлерді ынталандыру үшін жұмыс істеудің барлық артықшылықтарын көрсеттік: жалақы мөлшері, одан әрі резидентурада жұмыс істеу және кәсіби дағдыларды жетілдіру мүмкіндігі, қызметтік баспана беру, көтермелеу және өзгелері. Нәтижесінде, облысымызда жұмыс істеуге 458 түлек ниет білдірді. Олардың 81 ауылдық жерге көшіп баруға дайын", – деді Ержан Нурлыбаев. 

Жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау басқармасы таяу үш жылда оларға 281 баспана беруді жоспарлайды. 

Абайда, Қарағандыда және Жезқазғанда 27 дәрігер осы жылдың соңына дейін кілт алады. Пәтерлер толығымен жөнделген, жиһаздалған және тұрмыстық техникамен жабдықталған. 

Сонымен бірге, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Теміртау әкімшілігімен бірлесіп 60 пәтер жөнделген ғимаратты денсаулық сақтау жүйесінің балансына беру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жас мамандар үшін Қаражалда, Қарқаралыда, Ақтоғайда және Бұқар жырау аудандарында да баспана дайындалды. 

Қарағанды №1 қалалық аурухана облыс орталығындағы 12 пәтерді жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасының әзірлемесін аяқтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу