Қарағанды облысына қосымша 6 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінеді

662

Қарағанды облысына қосымша 6 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінеді

Қарағанды облысының бюджеті ұлғайды. Қазына қосымша 6 млрд теңгеден астам қаражатқа толықты. Бұл қаржы аймақтың маңызды мәселелерін шешуге бағытталады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
2018-2020 жылдардағы облыстық бюджеттің өзгеруін жұма, 4-ші мамырда өткен кезектен тыс XV сессияда мәслихат депутаттары құптады. 
Облыстық қаржы басқармасының мәліметінше, аймақ бюджеті шығындар бойынша енді 195,1 млрд теңгені құрайды. 
"Облыстық бюджетті нақтылау нәтижесі бойынша Қарағанды облысыынң дамуына қосымша 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл аймағымыздың бірқатар маңызды мәселелерін шешуге ықпал етеді, бірінші кезекте ол елбасының бес әлеуметтік бастамаларын жүзеге асырумен байланысты шаралар. Бүгін біз студенттік жатақханалардың құрылысын, шағын несиелеуді, газ тарату желілерінің құрылысын қолдап отырмыз. Осылайша, біз бірқатар мәселелерді шешіп, болашаққа дайындамалар әзірлейміз", - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов. 
Қосымша қаражаттың үштен біріне жуығы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталады. Қаражат әлеуметтік нысандардың құрылысына, мамандарды оқытуға, мектеп оқулықтарын сатып алуға, кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетуге және басқа да қажеттіліктерге жұмсалады. 
Жалпы соманың 22%-ы экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған. Жол жөндеу жұмыстарына, көктемгі су тасқынының алдын алуға, коммуналдық шаруашылық нысандарын абаттандыруға және жөндеуге қосымша қаражат бөлінеді. Шағын және орта бизнесті несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау механизмдері арқылы қолдауға арналған сома ұлғайтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу