Қарағанды облысында 2018 жылы құс өсірушілерге 1 млрд теңгеден астам субсидия бөлінді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысындағы құс фабрикаларына 2018 жылдың басынан бері 790 млн теңге субсидия төленді. Сондай-ақ желтоқсанда берілетін демеуқаржы сомасы 500 млн теңгеден асады.
Аймақта алты құс фабрикасы қызмет етеді: төртеуі – жұмыртқа өндіру бағытында жұмыс істесе, екеуі – ет өндірумен айналысады. Аталмыш салада тұрақты өсім байқалып отыр – 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіштер 18% жоғарылаған.
Жыл басынан бері шамамен 600 млн дана жұмыртқа өндірілген. Бұл көлем ішкі қажеттілікті қанағаттандыра алады. Өнім шет елге экспортталады. Биылғы жылы Ауғанстан мен Өзбекстанға Қарағанды облысынан 170 млн дана жұмыртқа жіберілген.
"Жұмыртқа өндіру өндірісін арзандату үшін жыл басынан бері құс фабрикаларына 559 млн теңге субсидия берілді. Ет өндіретін құс фабрикалары 230 млн теңге алды. Қарашада облыстық бюджетті соңғы рет нақтылаған кезде мал шаруашылығын субсидиялауға қосымша 950 млн теңге бөлінді және осы соманың жартысынан астамы құс өндіру саласына бағытталады", - деді Қарағанды облыстық ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі Сағынжан Апақашов.
Басқарма басшысының айтуынша, жалпы есептегенде 2018и жылы қарағандылық құс өсірушілер 1,1 млрд теңге алады. 2019-шы жылдың басында қараша-желтоқсан айларына субсидиялау жүргізіледі.
"Мемлекеттік қолдаусыз біз дами алмайтын едік. Соның арқасында өндірісімізді жаңартып, жаңғыртып жатырмыз. Қазіргі таңда біз екі құс сақтаушы ғимараттарда жабдықтарды жаңартуды аяқтап жатырмыз. Осы жылы құс тезегін өңдеуге арналған биогаздық станцияны іске қостық және өндірілген электр қуатын қазірден бастап сыртқы нарыққа "жасыл бағамен" сатып жатырмыз", - деп мәлімдеді "Агрофирма Құрма" ЖШС директоры Александр Диденко. - Субсидияларды алып жатырмыз. Қолдау әлі де жалғасады деп ойлаймын, себебі ол агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да, өнімнің құнын арзандатуға да оң әсерін тигізуде".